МӘМС бойынша 2022 жылға арналған төлемдер мен сомасы туралы ақпарат
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің аударымдары алдыңғы жылмен салыстырғанда 1%-ға ұлғаяды, және жұмыскерлердің жалақысының 3% - ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 18 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 АЕК-нің 3% - і болып саналады. 2022 жылы 1 АЕК 60 000 теңгені құрайды
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2022 жылы табыстарының 2% -тін құрайды. Бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 АЕК (600 000 теңге) жоғары болса, онда жарналарға тек осы сома ғана төленеді және жарнаның ең жоғары сомасы 12 000 теңгені құрайды
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 2022 жылға 4 200 теңгені немесе 1,4 АЕК-нің 5% - тін құрайды
2022 жылы бірыңғай жиынтық төлем БЖТ сомасы 1 АЕК - ке тең болады, бұл республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары және астана үшін - 1 АЕК (3 063 теңге), ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін-0,5 АЕК (1531,5 теңге) құрайды
Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы да 2022 жылы өзгереді және 3 000 теңгені (1МЗП-дан 5%) құрайды
Текелі қалалық аурухананың ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған © 2022.